Текст
1-қазан жылдың ерекше күні. Қадірлі адамдарымызды топ-топ болып, отбасында көшеде құрметтейтін күн. Мереке қарсаңында балабақшада «Қарттар күніне» орай тақырыптық сабақтар өткізілді,балаларға қарттарға құрмет жасау керектігі, әрқашан қол ұшын беріп көмектесу қажет екені жайлы әңгіме жүргізілді. Балалар тақпақ оқып, ән айтып, ата-әжелерімізбен ойындар ойнады.