Балалардың күзгі мерекесі –ең көңілді, жарқын мереке. Күз мезгілі көңілсіз мезгіл десе де, балалар аяқ астындағы алтын түстес жапырақтар мен жаңбырдың астында резеңке етік киіп, қолшатырдың астында жүру өте қызық. Сондықтан балабақшадағы күзгі мереке біздің балаларымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі!
Балабақшамызда Күзбен кездесуге арналған мерекелік ертеңгіліктер өтті. Шараның мақсаты: балалардың күз туралы білімдерін жүйелеу. Балаларды күз мезгілінің бейнелерімен таныстыру, бізді қоршаған дүниенің әсемдігі туралы білімдерін музыкалық өрнек арқылы көрсету. Балаларға қуанышты мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Белгіленген күні қонақтар күзгі безендірілген залға жиналды. Балалар би билеп, күз туралы ән айтып, көңілді ойындар ойнатылды. Күздің келуін асыға күтті, содан кейін бірге күзгі орманға қызықты саяхаттарын жалғастырды. Ең жағымды эпизод тосын сәт болды - барлық балаларға арналған алма салынған қоржын сыйлады.