Текст
6 наурыз күні балабақшамызда 8 наурыз күніне арналған ертеңгіліктер өтті. Балалар теңізге саяхатқа шықты, жолда қарақшыларды кездестірді, ән айтты, ана туралы тақпақтар айтты, би биледі, сайыстарға қатысты. Аналар күніне қарсы жасалған бұл мереке, балабақша өміріне көктемгі қуаныш пен шаттық атмосферасын әкелгені сөзсіз.
8 наурыз – көктемнің келуін білдіретін мереке. Бұл күні бірде-бір әйел сыйлықтарсыз қалмайды. Балалар аналарына тамаша концерт берді. Олар өздерінің әндерінде, өлеңдерінде ең жақын, ең қымбат адамдарға деген сүйіспеншіліктерін айтты. Мерекеден кейін балалар аналарына өздері жасаған ашық хаттарды сыйлады.