Текст
Мереке эстетикалық тәрбиенің жалпы тізбегінің маңызды буындарының бірі болып табылады. Біз әр түрлі тәсілдер арқылы балалардың өмірін қызықты, әдемі етуге, балаларды көркем әсермен байытуға тырысамыз. Бұл ертеңгілік әр түрлі өнер түрлерін қамтиды. Бұған ән, би, көркем сөз, ойындар жатады.
Балабақшадағы мерекелер оқу-тәрбие процесінің маңызды бөлігі болып табылады.
Ал дәл осындай мерекелер мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуына белсенді әсер етеді, адамгершілік және патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етеді, балалардың өз шеберлігін, қабілетін, шығармашылық бастамасын көрсетуге мүмкіндік береді, педагогикалық жұмыстың белгілі бір нәтижесін қорытындылайды.